(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «УӘКІЛЕТТІ ҰЙЫМНАН ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІН ТАҒАЙЫНДАУ» ...
Осы редакция 2016 жылғы 26 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 407 бұйрығына
1-қосымша
«Уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдерін тағайындау»
мемлекеттік қызметті көрсету регламенті
1. «Уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдерін тағайындау» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 тіркелген) бұйрығымен бекiтiлген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді және уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдерін (бұдан әрі - зейнетақы төлемдері) тағайындау рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) арқылы;
зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу бөлігінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
уәкілетті ұйымда - зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама;
Редакция документа
Демо – версия документа