«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 10 Нормативтік қаулысы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 10 Нормативтік қаулысы
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Атыс қаруларын, оқ-дәріні, қару-жарақты немесе жарылғыш заттарды ұрлау, оларды заңсыз алып жүру, ұстау, жасау немесе өткізу, атыс қаруларын ұқыпсыз ұстау туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы» 1995 жылғы 21 шілдедегі № 4 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 5; 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 7-тармақтағы «сарапшы» деген сөз «сарапшының немесе маманның» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
«16-1. Соттар ҚК-нің 287-бабына Ескертуде көзделген өз еркiмен қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын тапсыруды Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 254-бабының сегізінші бөлігінде көзделген жағдайларда осы заттарды тінту алдында ерікті түрде беруден ажыратқаны жөн.
ҚПК-нің 254-бабының сегізінші бөлігінде көзделген жағдайларда тінту алдында осы заттарды ерікті түрде беру өз еркімен тапсыру болып табылмайды және ҚК-нің 287-бабына Ескертудің негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатуға әкеп соқпайды, бірақ сот ҚК-нің 53-бабы екінші бөлігінің негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететін мән-жай ретiнде тануы мүмкiн.
Егер тінту жүргізу кезінде адам тінтілетін жерден тыс жерде (басқа аумақта, өзге адамдарда және т.б.) сақталған оның өзі көрсетпейінше табу мүмкін болмайтын ҚК-нің 287-бабында көзделген қару мен өзге де заттардың өзінде бар екендігін мәлімдесе, онда аталған әрекеттер ерікті түрде тапсыру деп танылады және адам ҚК-нің 287-бабына Ескертуге сәйкес осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Демо – версия документа