«Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 258 бұйрығы
«Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 258 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылатын бюджеттік өтінімге орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндайлар болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға, олардың жасалуына жауапты мемлекеттік мекеме құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ал соңғылары болмаған кезде - тиісті бұйрықтармен міндеттерді атқару жүктелген тұлғалар қол қояды.
Бюджеттік өтінімде бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісі жауапты орындаушысының тегі, аты және әкесінің аты (бар болғанда) (бұдан әрі - тегі, а.ә.), лауазымы, жұмыс телефоны міндетті түрде көрсетіледі.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Шығыстардың түрлері бойынша есептеулер шығыстардың экономикалық сыныптамасының әрбір ерекшелігі бойынша Қағидаларға 2-67-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жоспарлы кезеңнің әрбір жылына беріледі.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа