«Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 837 бұйрығы
«Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 837 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15358 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 11 тамызда электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларында:
2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) авиациялық климатологиялық ақпарат жүргізу және ұсыну тәртібін айқындайды.»
3-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) GAMET аймақтық болжам - метеорологиялық өкілетті орган белгілеген және метеорологиялық өкілетті орган арасындағы келісім бойынша ұшу ақпаратының көршілес аудандарының әуеайлақтық метеорологиялық аудандарына берілетін, ұшу ақпаратының ауданына немесе әуеайлақтық метеорологиялық органның оның қосалқы ауданына қолданатын, кіші биіктікте ұшулар үшін қысқартулармен ашық мәтінмен жасалған болжам;»;
3-тармақ:
мынадай мазмұндағы 32-1) тармақшамен толықтырылсын:
Демо – версия документа