Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 2 тамыздағы № 198 бұйрығы

 «Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 2 тамыздағы № 198 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінің үлгілік қағидаларында:

295-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;

«Оқу-сауықтыру орталықтары қызметінің үлгілік қағидалары» деген 4-параграф алып тасталсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

3-тарау «Балалардың сауықтыру лагерьлерінің қызметінің тәртібі» алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы «Балалардың бейіндік лагерьлерінің қызметінің тәртібі» деген 4-тараумен толықтырылсын:

«71. Балалардың бейіндік лагері (бұдан әрі - лагерь) қосымша білім беру ұйымы болып табылады, онда баланың жеке басының толыққанды физикалық, психологиялық және моральдық-адамгершілік дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасалады.

72. Бейіндік лагерьлер түрлері «Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығында айқындалған (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген).

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку