«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 шілдедегі № 579 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 шілдедегі № 579 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 6-3) және 6-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) петициялардың сапалы және уақтылы қаралуын қамтамасыз ету;
6-2) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар жөніндегі есептерді бекіту және жариялау;
6-3) аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстар авторларына арналған жыл сайынғы конкурстар өткізу;
6-4) ғылым саласындағы мемлекеттік ғылыми-технологиялық саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;»;
100) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«100) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа жеткен академиктеріне өмір бойғы ай сайынғы стипендия белгілеу қағидаларын әзірлеу;»;
102), 103), 104), 105) және 106) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«102) ғылым, ғылыми-техникалық қызмет және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру және мемлекеттік саясатты іске асыру;
Демо – версия документа