Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазқұрылысжүйесі» акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 770 Қаулысы

«Қазқұрылысжүйесі» акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 770 Қаулысы

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазқұрылысжүйесі» акционерлік қоғамы жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыз қатысу үлесі бар «Қазқұрылысжүйесі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Серiктестiк қызметiнiң негiзгi бағыттары Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы мен оның ведомстволарының өздеріне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына ықпал ететін объектілерге инжинирингтік қызметтер көрсету және олардың құрылысы болып белгiленсiн.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасымен (келісім бойынша) бірлесіп:

1) серіктестіктің жарғысын бекітуді және оны Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығын беруді;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку