Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ШЕТЕЛДІК СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТТАРЫН, СЫНАҚ ХАТТАМАЛАР...

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің міндетін атқарушының

2015 жылғы 26 наурыздағы

№ 331 бұйрығына 3-қосымша

 

Осы редакция 2020 жылғы 20 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Шетелдік сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын,

сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды тану

 қағидалары


1. Жалпы қағидалар

 

1. Осы Шетелдік сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды тану қағидалары «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және шетелдік сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды тану тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар қолданылады:

1) импорттаушы - өнімді (тауарды) Қазақстанның ішкі нарығында өткізу үшін шеттен әкелетін жеке немесе заңды тұлға;

2) тану (сәйкестікті растау саласында) - Қазақстан Республикасында сәйкестікті растау жөніндегі орган импорттаушыда (өтініш берушіде) болатын шетелдік сәйкестік сертификатының, сәйкестік белгісінің, сынақ хаттамасының немесе сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттың негізінде өнімнің, қызметтердің немесе процестің қауіпсіздігін жазбаша растайтын рәсім.

3) сәйкестік сертификатын ұстаушы - өндіретін өнімін сәйкестікті растау жөніндегі орган осы өнімді Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарымен сәйкес жүргізілген сәйкестік сертификатымен немесе халықаралық шарттарға сәйкес ресімделген оның көшірмелерімен сүйемелдеу құқығымен сертификаттаған жеке немесе заңды тұлға.

Осы Қағидалардағы өзге анықтамалар «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку