Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ҰЙЫМНАН АНЫҚТАМА БЕРУ» МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫ...

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2020 жылғы 18 мамырдағы

№ ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығына

3-қосымша

 

Осы редакция 2021 жылғы 17 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»

мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

2. Мемлекеттік қызметті денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы электрондық сұрау салуды береді, онда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі, бұл ретте жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушы өзіне қатысты, сондай-ақ басқа тұлғаға қатысты «электрондық үкімет» веб-порталында пайдаланушының кабинетінен берілген оның келісімін алғаннан кейін не «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген тұлғаның ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік паролін беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен алуы мүмкін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку