(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БІЛІМ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТТАРДЫ ТАНУ ЖӘНЕ НОСТРИФИКАЦИЯЛАУ»...
Осы редакция 2017 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.27.01. № 87 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ 212 бұйрығына
2-қосымша
«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2017.24.07. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - орталық) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) орталық;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.02.11. № 633 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2017.24.07. № 349 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Білім туралы құжаттарды тану/нострифкациялау туралы көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Орталыққа немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде (егер білім туралы құжат құжатты берген елде заңдастырылған немесе апостильденген болса):
1) Астана қаласы үшін - 15 (он бес) жұмыс күнін;
2) басқа өңірлер үшін - 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды (Орталыққа немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді).
Редакция документа
Демо – версия документа