Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 26 ақпандағы № 46 бұйрығы

«Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 26 ақпандағы № 46 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары мынадай мазмұндағы 3-тараумен толықтырылсын:

«3-тарау. Балалардың сауықтыру лагерьлерінің қызметінің тәртібі

50. Балалардың сауықтыру лагері (бұдан әрі-лагерь) қосымша білім беру ұйымы болып табылады, онда баланың жеке басының толыққанды физикалық, психологиялық және моральдық-адамгершілік дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасалады.

51. Лагерь түрлері «Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығында айқындалған (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген).

52. Ұйымның шарттары бойынша лагерьлердің негізгі түрлері:

1) қала сыртындағы лагерь, бұл 8 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды демалуға және сауықтыруға арналған қосымша білім беру ұйымдары (мектептен тыс мекеме). Жазғы маусымда болу ұзақтығы 10-15 күн, қысқы, көктемгі және күзгі маусымда 5-7 күн, оқу жылы кезеңінде (қыркүйектен мамырға дейін) - 10-20 күн, демалыс және мереке күндері 2-3 күн.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку