«Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 76 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 69 Қаулысы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 76 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 69 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 137 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 76 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11159 тіркелген, 2015 жылғы 3 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 13) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта:
1) ай сайын: есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей осы қаулының 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 14), 15) және 16) тармақшаларында көзделген есептілікті; есепті айдан кейінгі айдың он бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей - осы қаулының 1-тармағының 17) тармақшасында көзделген есептілікті;
2) тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей осы қаулының 1-тармағының 12) тармақшасында көзделген есептілікті ұсынады. Төртінші тоқсан үшін есептілік қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей ұсынылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа