«Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 430 бұйрығы (2025.13.05. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 430 бұйрығы
(2025.13.05. берілген өзгерістермен)
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Қаржы министрінің 2025.18.04. № 180 бұйрығымен күші жойылды (2025 ж. 13 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) ҚР Қаржы министрінің 2025.18.04. № 180 бұйрығымен күші жойылды (2025 ж. 13 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) «Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидалары» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 ақпанда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларында:
4-тармақты мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бюджеттiк өтінім:
бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер;
стратегиялық жоспар жобасының және (немесе) стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобасының;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының;
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 тіркелген Қазақстан Республикасы қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының (бұдан әрі - Бірыңғай бюджеттік сыныптама);
өткен жоспарлы кезең бюджеттік өтінімінің;
есепті қаржы жылындағы стратегиялық жоспарды іске асыру туралы есептің;
заттай нормалардың негізінде жасалады.
Бюджеттік өтінім бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер шегінде жасалады.»;
7-тармақты мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Бюджеттiк өтiнiм мыналарды:
Демо – версия документа