Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның есептілік тiзбесiн, нысандарын, ұсыну мерзiмдерiн және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 222 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 22 мамырдағы № 35 Қаулысы

 «Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның есептілік тiзбесiн, нысандарын, ұсыну мерзiмдерiн және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 222 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 22 мамырдағы № 35 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның есептілік тiзбесiн, нысандарын, ұсыну мерзiмдерiн және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 222 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19710 болып тіркелген) мынадай мазмұндағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы екінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның есептілік тізбесі;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жеке және заңды тұлғаларға берілген микрокредиттер бойынша активтерді сыныптау туралы есептің нысаны;

3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес берілген микрокредиттер бойынша шартты міндеттемелерді сыныптау туралы есептің нысаны;

4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы есептің нысаны;

5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес электрондық тәсілмен берілген микрокредиттер (онлайн микрокредиттер) және олар бойынша анықталған алаяқтық фактілері туралы есептің нысаны;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку