«Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілетін операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 216 және «Төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің жұмыс iстеу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 31 тамыздағы № 217 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 28 Қаулысы
«Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілетін операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 216 және «Төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің жұмыс iстеу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 31 тамыздағы № 217 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 28 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілетін операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 216 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14292 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілетін операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында:
2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) төлем карточкаларының банкаралық жүйесі – банктер арасында есеп айырысуды жүзеге асыру мақсатында операциялық орталық төлем карточкалары бойынша хабарларды өңдеу мен маршруттау және клиринг жолымен банктер шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының аумағында жасалған операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізуге арналған төлем жүйесі;»;
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің арнасы операциялық орталық пен қатысушы арасында жасалған шарт негізінде банктер шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын операциялар бойынша банкаралық төлемдерді жүргізу үшін пайдаланылады.
Демо – версия документа