«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына 2-қосымша) (2019.15.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 9 сәуірдегі
№ 319 бұйрығына
2-қосымша
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 13 тамыздағы № 441 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй
қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке
алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың
тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.15.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.21.12. № 898 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017.22.06. № 376 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.15.07. № 506 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016.20.01. № 20 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.21.12. № 898 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.15.07. № 506 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Документ утратил силу
Демо – версия документа