«Тағылымдамадан өткен нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 56 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 25 ақпандағы № 84 бұйрығы (күші жойылды)
«Тағылымдамадан өткен нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 56 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 25 ақпандағы № 84 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тағылымдамадан өткен нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 56 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10269 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген Тағылымдамадан өткен нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер және жеке практикамен айналысатын нотариустардан немесе мемлекеттік нотариустардан тағылымдамадан өткен адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық әдiлет органдары жанында (бұдан әрi - аумақтық әдiлет органдары) құрылатын нотариаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттау жөнiндегi комиссияда (бұдан әрi - Комиссия) аттестаттаудан өтедi.
Комиссияның жұмыс органы аумақтық әдiлет органы болып табылады.
Комиссия жетi мүшеден - екі нотариустан, нотариаттық палатаның төрағасын қоса алғанда, әдiлет органдарының екi өкiлiнен, құқықтанушы ғалымнан және мәслихат депутатынан тұрады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа