«Бағалау стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 519 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығы
«Бағалау стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 519 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бағалау стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 519 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16971 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жылжымалы мүліктің құнын бағалау» бағалау стандартында:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Стандарттың күші материалдық жылжымалы мүліктің барлық типтерін бағалауға, оның ішінде жылжымалы мүлікке жататын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге қолданылады.
Бағалау мақсатында осы стандарт мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелерін, ішкі суда жүзетін кемелерді, «өзен-теңіз» жүзу кемелерін, ғарыш объектілерін бағалауға да қолданылады және оларды «Жылжымалы мүлікті бағалау» мамандануы бойынша «бағалаушы» біліктілігін беру туралы куәлігі бар бағалаушылар пайдаланады.
Бұл стандарт бағалы қағаздарды бағалауға қолданылмайды.
Бағалы қағаздар «Бизнесті және бизнеске қатысу құқығын бағалау», «Қаржы құралдарын бағалау» деген стандарттарға сәйкес бағаланады.
3. Осы стандартта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) биологиялық активтер - биологиялық қайта құрулар процесінде ауылшаруашылық өнімін және (немесе) қосымша биологиялық активтер беруге, сондай-ақ басқа тәсілмен экономикалық пайда әкелуге қабілетті мал немесе өсімдік;
2) генерациялайтын бірлік - басқа активтерге немесе активтер тобына маңызды дәрежеде байланысты болмайтын ақшалай қаражаттың түсуін қатамасыз ететін активтердің ең аз сәйкестендірме тобы;
Демо – версия документа