(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЭКСПОРТТЫҚ БАҚЫЛАУҒА ЖАТАТЫН ӨНІМДІ ЭКСПОРТТАУҒА ЖӘ...
Осы редакция 2019 жылғы 18 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 619 бұйрығына 9-қосымша
«Экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға және импорттауға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызметрегламенті
1. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгінің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - Портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны - электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.
3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға және импорттауға лицензия, қайта ресімделген лицензия, лицензияның телнұсқасы немесе мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс - қимылды) бастауға негіздеме «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласында көрсететін мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № ___ болып тіркелген «Экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға және импорттауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды алуы болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа