(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БІЛІМ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТТАРДЫ ТАНУ ЖӘНЕ НОСТРИФИКАЦИЯЛАУ»...
Осы редакция 2017 жылғы 6 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.23.02. № 164 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 13 тамыздағы
№ 528 бұйрығына 2-қосымша
«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.23.02. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу тізілімінде 2015 жылғы 3 маусымда № 11260 тіркелген) «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) Орталық;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі қағаз түрінде - қағаз жеткізгіште білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы куәлік.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 4 (төрт) айдан аспайды (Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);
Редакция документа
Демо – версия документа