«Банктердің ірі қатысушылары, банк холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушылары, сақтандыру холдингтері, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары, екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 315 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 80 Қаулысы
«Банктердің ірі қатысушылары, банк холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушылары, сақтандыру холдингтері, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары, екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 315 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 80 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Банктердің ірі қатысушылары, банк холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушылары, сақтандыру холдингтері, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары, екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 315 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14832 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес екінші деңгейдегі банктердің ірі қатысушылары, банк холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушылары, сақтандыру холдингтері, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушылары, екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысының кірістері мен мүлкі туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы туралы есептің нысаны;
Демо – версия документа