«Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2024 жылғы 31 шілдедегі № 196 бұйрығы
«Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2024 жылғы 31 шілдедегі № 196 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларында:
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«12. Мектепке дейiнгi ұйымдар бiр жастағы және 1-сыныпқа қабылданғанға дейін тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамуындағы ауытқуды түзету және әлеуметтік бейімдеу, дамыту және медициналық бақылау, сондай-ақ қарау, бағу және сауықтыру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын, мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсету көлемін, оның ішінде тәрбиленушілерге инклюзивті білім беруді іске асыру үшін орындауды қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі ұйымдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26513 болып тіркелді) бекітілген Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларына сәйкес тәрбиеленушілерге, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін адамдарға (балаларға) психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа