(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 маусымдағы № 384 Қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 19 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Редакция документа
Демо – версия документа