«Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына 4-қосымша) (2019.15.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.15.07. № 506 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі
№ 319 бұйрығына
4-қосымша
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 13 тамыздағы № 441 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.15.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі немесе дәлелді бас тарту мерзімі:
1-кезең: мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі - күнтізбелік 30 (отыз) күн;
2-кезең: тұрғын үйді мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік тұрғын үй қорынан коммуналдық меншікке берген жағдайда -15 (он бес) жұмыс күні;
3-кезең: тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасау - күнтізбелік 5 (бес) жұмыс күні;
Документ утратил силу
Демо – версия документа