Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 тамыздағы № 526 Қаулысы

 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 тамыздағы № 526 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 8, 159-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградаларынан айыру) қағидаларына:

мынадай мазмұндағы «Су шаруашылығының ардагері» төсбелгісі» кіші бөлімімен және 86-тармақпен толықтырылсын:

«Су шаруашылығының ардагері» төсбелгісі

86. «Су шаруашылығының ардагері» төсбелгісімен су шаруашылығының дамуына үлкен үлес қосқан су саласындағы мінсіз жұмысы және кемінде 30 жыл еңбек сіңірген жылдары үшін үздік мамандар, қызметшілер, ұйымдардың басшылары марапатталады.»;

мынадай мазмұндағы «Су шаруашылығының үздігі» төсбелгісі» кіші бөлімімен және 87-тармақпен толықтырылсын:

«Су шаруашылығының үздігі» төсбелгісі

87. «Су шаруашылығының үздігі» төсбелгісімен жоғары кәсіби қабілеті және су шаруашылығын дамытуға қосқан жеке үлесі үшін үздік мамандар, қызметшілер, ұйымдардың басшылары, сондай-ақ Қазақстанның су шаруашылығы саласындағы ерекше еңбегі үшін өзге де адамдар марапатталады.»;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесі мен сипаттамаларында:

«1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесі:» деген бөлімде:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку