«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 267 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 267 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградаларынан айыру) қағидаларында:
«3. Ведомстволық наградалармен марапаттау негіздемелері» деген бөлімде:
«Жер қойнауының құрметті барлаушысы» төсбелгісі» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«Кен орнын алғаш ашушы» төсбелгісі»;
69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«69. Кен орнын ашу – жер қойнауындағы қорлары өнеркәсіптік санаттар бойынша жіктелген жаңа объектіні анықтаудың құжатпен расталған фактісі.
«Кен орнын алғаш ашушы» төсбелгісімен Қазақстан Республикасының аумағында нәтижесінде пайдалы қазбалардың жаңа кен орны ашылған немесе белгілі кен орнының шегінде бұрын бекітілген қормен салыстырғанда кен орнының қорларын кемінде 2 есе ұлғайтатын жаңа жеке учаскелер, кен денелері, қыртыстары, қабаттары анықталған не дербес немесе кешенді өнеркәсіптік пайдалануға жарамды болып табылатын жаңа минералдық шикізат табылған іздеу және барлау жұмыстарын жүргізуге тікелей қатысып, шығармашылық бастама танытқан және оның ғылыми қажеттігін негіздеген Қазақстан Республикасының, шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғалар және азаматтығы жоқ адамдар марапатталады.
«Жер қойнауын барлаудың үздігі» төсбелгісі» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«Еңбек сіңірген геолог» төсбелгісі»;
70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа