Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 7 қарашадағы № 579 Жарлығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғаудың кейбір мәселелері туралы

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жүйесін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне беру жолымен қайта құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының нормативтік құқытық актілеріне осы Жарлықтан туындайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтамасыз етсін;

2) «Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы», «Ақпаратты техникалық қорғау орталығы» мемлекеттік мекемелерін және «Алмас» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесiнің қарамағынан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарамағына беруді қамтамасыз етсін;

3) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тиісті штат санын беруді қамтамасыз етсін;

4) заңнамада белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығында:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ережеде:

1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку