Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 және «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 248 Қаулысы (2019.31.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 және «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 248 Қаулысы

(2019.31.12. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 336 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2019.31.12. № 1060 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:

2-тармақтың тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұл ретте ЕДБ айналым қаражатын толықтыру мақсатына қарыз алушының бір жобасы шеңберінде берілетін кредит қаражатының 50 %-дан аспайтын мөлшерін жіберуге құқылы. Бұл шектеу агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша жобаларды қаржыландыруға қолданылмайды.»;

5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Жобаларға 10 миллиард теңгеден астам сомаға кредит берген жағдайда тиісті салалық орталық уәкілетті органның оң қорытындысы қажет.»;

6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«қаржы агенттігінің субсидиялау және/немесе кепілдік беру туралы шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салықтық есептілік деректерінің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірісті 10 %-ға өсіруге қол жеткізу.»;

мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

«7-1. ЖКС жобаларына кепілдік беру шарттары:

Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15 %-дан аспайтын кредиттерге кепілдік беруге жатады. Қарыз алушының бір жобасы шеңберінде кепілдік көлемі:

қоса алғанда 3 млрд. теңгеге дейінгі кредит сомасының 50 %-ынан аспайды;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции