«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 233 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 233 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 8, 159-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградаларынан айыру) қағидаларында:
«3. Ведомстволық наградалармен марапаттау негіздемелері» деген бөлімде:
«Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі:
27-1. «Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, орындаған тапсырмаларының жоғары сапасы, бастамашылдығы, шығармашылық белсенділігі, ұзақ және мінсіз қызметі, кәсіби қызметтегі жоғары көрсеткішке қол жеткізгені, қосқан ерекше үлесі мен жұмыстағы басқа жетістіктері үшін, қорғаныс өнеркәсібі саласында кемінде 10 жыл жұмыс істеген қызметкерлер, ардагерлер және өзге де адамдар марапатталады.
Ерекше жағдайларда бұл медальмен қызметкерлер ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, сондай-ақ жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін де марапатталады.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесі мен сипаттамаларында:
Демо – версия документа