(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МҮГЕДЕКТІГІ БОЙЫНША, АСЫРАУШЫСЫНАН АЙЫРЫЛУ ЖАҒДАЙЫ ...
Осы редакция 2016 жылғы 24 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016.26.02. № 152 бұйрығымен мемлекеттік қызметті көрсету регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 407 бұйрығына
3-қосымша
«Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы
бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау»
мемлекеттік қызметті көрсету регламенті
(2016.26.02. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен (бұдан әрі - Стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бекітілген «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді және мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (бұдан әрі - жәрдемақы) тағайындау рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы;
Редакция документа
Демо – версия документа