Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Бағалаушыға, сарапшыға кандидаттардың біліктіліктерін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 517 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 775 бұйрығы

 «Бағалаушыға, сарапшыға кандидаттардың біліктіліктерін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 517 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 775 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бағалаушыға, сарапшыға кандидаттардың біліктіліктерін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 517 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16934 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 1 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген бағалаушыға, сарапшыға кандидаттардың біліктіліктерін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) біліктілік емтиханы - «бағалаушы», «сарапшы» біліктілігін беру туралы куәліктерді алуға үміткер тұлғалардың біліктілік деңгейін анықтау рәсімі;

2) біліктілік комиссиясы - «бағалаушы», «сарапшы» біліктілігін беру туралы куәліктерді алуға үміткер тұлғалар үшін біліктілік емтиханын өткізу үшін құрылған бағалаушылар палатасының мамандандырылған органы;

3) біліктілік комиссиясының жұмыс органы - біліктілік емтиханын өткізуді ұйымдастыру мақсатында бағалаушылар палатасы құрған орган;

4) кандидат - біліктілік комиссиясына емтихан тапсыратын «бағалаушы» немесе «сарапшы» біліктілігін беру туралы куәліктерді алуға үміткер тұлға;

5) тест тапсырмалары - бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісілген құқықтық мәселелерді, бағалау теориясы бойынша мәселелерді, тиісті мамандық бойынша модульдік міндеттерді және ахуалдық тапсырманы қамтитын «бағалаушы» немесе «сарапшы» біліктілігін беру туралы куәліктерді алуға үміткер тұлғалардың білімі мен дағдыларын тексеру үшін жасалған тапсырмалар көлемі.»;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку