(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ УӘКІЛЕТТІ...
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 17 маусымдағы № 264 бұйрығы
Осы редакция 2020 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 197 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8568 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 тамыздағы № 115 (2316) «Заң газетінде» жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын айқындау әдістемесінде:
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жалақыға, оның ішінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес айқындалатын қызметкерлері тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін заңды және жеке тұлғалардың еңбек ақысын төлеу шығыстары;»;
2) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10124 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 қыркүйектегі № 180 (28658) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):
Редакция документа
Демо – версия документа