Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 604 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 604 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне көзделген штат санының бекітілген лимиті шегінде мына:

1) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Алматы облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Кеген аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы»;

2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Астана қаласы Байқоңыр ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемелері құрылсын.

2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Ақмола облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Еңбекшілдер аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Ақмола облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Біржан сал ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

3. Мекемелерді қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку