Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Ұрпақтар келісімшарты» жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары» (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығына 7-қосымша) (2020.12.06. берілген толықтырулармен) (алып тасталды)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020.12.06. № 226 бұйрығымен 7-қосымшамен толықтырылды

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2016 жылғы 14 маусымдағы

№ 516 бұйрығына

7-қосымша

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2022.07.02. № 46 бұйрығымен алып тасталды

 

 

«Ұрпақтар келісімшарты» жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру

қағидалары

(2020.12.06. берілген толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Ұрпақтар келісімшарты» жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналаған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 5.3.1-тармағына сәйкес әзірленді және зейнеткерлік жасқа жеткен жұмыс істеп жүрген жұмыскерді кейін ауыстырумен еңбек ресурстарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында «Еңбек» бағдарламасына қатысушыны жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру, қаржыландыру тәртібін айқындайды («Ұрпақтар келісімшарты» жобасы).

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) бос орын - жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);

2) «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы - еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын, Интернет желісінде жұмыс істейтін, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын көрсету мақсатында еңбек ресурстарын дамыту орталығы қолдап отыратын электрондық ақпараттық ресурс;

3) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

4) жұмыс беруші - жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку