«Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 153 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 559 бұйрығы
«Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 153 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 559 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 153 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11459 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарда:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сертификаттық талаптар әуе тасымалдарын, авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын әуе кемелерін (бұдан әрі - ӘК) пайдаланушыларға қойылатын талаптарды белгілейді.
Сертификаттық зерттеп-қарау кезінде өтініш беруші мәлімделген қызмет түрін орындау үшін қажетті қабілеттілігі мен құралдарын, сондай-ақ өзінің қаржылық-экономикалық жағдайын және құқық қабілеттілігін көрсетеді.
Сертификаттық зерттеп-қарау кезінде анықталған сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер: 1-санат, 2-санат және 3-санат болып үш санатқа бөлінеді.
1-санатқа қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде ол жойылуға тиіс сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
2-санатқа азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) келісілген мерзімдерде жойылған немесе шектеулер енгізілген жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
3-санатқа қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа