«Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 4 шілдедегі № 479 бұйрығы
«Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 4 шілдедегі № 479 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12463 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында:
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрі - тасымалдаушы) - жеңіл автокөлік құралдарын қоспағанда, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарын иеленетін, жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;»;
27-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі, «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысы, сондай-ақ «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 359 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 15695 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 359 Бұйрық) талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;»;
82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа