«Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 517 бұйрығы
«Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 517 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларында:
7-тармақтың 33) тармақшасы алынып тасталсын;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. 01-123 және 02-123-нысандар (23 және 23-1-қосымшалар) 123 «Мiндеттi сақтандыру жарналары» ерекшелiгi бойынша шығыстарды есептеуге арналған.
01-123-нысан (23-қосымша) көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру кезінде сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн есептеуге арналған.
23-қосымшаны теңгерімінде көлiк құралдары есепке алынған мемлекеттiк мекемелер көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруға арналған шығыстар сомасын анықтау үшiн толтырады.
Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру кезiндегi сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн есептеу кезінде «Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі Заңын басшылыққа алу қажет.
02-123-нысан (23-1-қосымша) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру кезінде сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн есептеуге арналған.
Демо – версия документа