«Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 236 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінде:
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл блогы бойынша операциялық бағалау»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Осы блок бойынша операциялық бағалауды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган, мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі уәкілетті орган, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган және ақпарат саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау жүргізуді сүйемелдеуді «электрондық үкімет» архитектурасын дамытуды әдіснамалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға (бұдан әрі – «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы) жүзеге асырады.»;
31-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:
«32-1. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдарды операциялық бағалаудың осы блогы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бағалайды.»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа