«Бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыруға қажеттi бағдарламалық-техникалық құралдар мен өзге жабдықтарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 165 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 261 Қаулысы
«Бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыруға қажеттi бағдарламалық-техникалық құралдар мен өзге жабдықтарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 165 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 261 Қаулысы
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыруға қажеттi бағдарламалық-техникалық құралдар мен өзге жабдықтарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 165 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7734 болып тіркелген, 2012 жылғы 29 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 562-569 (27642) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыруға қажеттi бағдарламалық-техникалық құралдар мен өзге жабдықтарға қойылатын талаптарда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бағдарламалық қамтамасыз ету:
1) кез келген уақытта жабдықтың кез келген учаскесінде электр қореккөзі толық немесе ішінара ажыратылған кезде ақпараттың сенімді сақталуын, санкцияланбаған қол жеткізуден қорғауды, дерекқорларының тұтастығын және электрондық мұрағаттар мен дерекқорлардағы ақпараттың сенімді сақталуын;
2) ең кем дегенде қол жеткізудің екі деңгейін: әкімшіні және пайдаланушының көздейтін бағдарламалық қамтамасыз етуде іске асырылған кіру деректеріне, функцияларға, операцияларға, есептерге көп деңгейлі қол жеткізуді;
3) операцияларды жүргізу және тіркеу үшін қажетті, толтырылуы міндетті жолдардың енгізілетін деректерінің толықтығын бақылауды (функцияларды немесе операцияларды барлық жолдарды толығымен толтырмай орындаған жағдайда, бағдарлама тиісті хабарламаны беруді қамтамасыз етеді);
Демо – версия документа