(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ «КЕЙБІР НҰСҚАУЛЫҚ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы» 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 45 Қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 2 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
19-тармақтың 4) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтары алып тасталсын;
25-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
29-тармақтың екінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Прокурорлық қадағалау актілері, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің өтініштері мен қаулылары бойынша Премьер-Министр қарарларының жобалары Премьер-Министрдің мәселеге жетекшілік ететін орынбасарымен, сондай-ақ Заң бөлімімен келісіледі.»;
«Парламент депутаттарының сауалдары бойынша Премьер-Министр қарарларының жобалары мен олар бойынша жауаптар Премьер-Министрдің мәселеге жетекшілік ететін орынбасарымен, Кеңсе басшысының орынбасары - Үкіметтің Парламенттегі өкілдігінің басшысымен, сондай-ақ құқықтық мәселелер болса Заң бөлімімен келісіледі.»;
31-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
32-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
35-тармақтың екінші және жетінші бөліктері алып тасталсын;
38-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
48-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа