(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІ М. А. 2015.28...
Осы редакция 2016 жылғы 12 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін
атқарушысының
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 640 бұйрығына 6-қосымша
«Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға,
консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетімен және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Аумақтық департаменттерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштерді қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (жартылай автоматтандырылған) немесе қағаз
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - қауіпті өндірістік объектілерді құрылысын салу, кеңейту, қалпына келтіру, жаңғырту, жабу және жою бойынша жобалық құжаттамаларына келісім-хат.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үрдісінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерініз)
іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы
Редакция документа
Демо – версия документа