«Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 1031 бұйрығы
«Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 1031 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9738 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпанда «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы 1-бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қоғамдық және түзеу жұмыстары, белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысу құқығынан айыру түрiндегi жазаларға, бас бостандығын шектеуге, жазаны өтеу кейiнге қалдырылған сотталған жүктi әйелдер және жас балалары бар әйелдер мен жас балаларды жалғыз тәрбиелейтін ер адамдарды, шартты түрде сотталған адамдарды (бұдан әрі - сотталғандар) бір тәулік мерзімде демалыс және мереке күндерін есептемегенде:
заңды күшіне енген сот үкімі немесе қаулы, рақымшылық жасау және оны қолдану актісі, кешірім жасау туралы акті қағаз тасымалдағышта немесе электрондық құжат;
тұрғылықты жерінің өзгеруіне байланысты Пробация қызметінен не қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен Орталықтандырылған автоматтандырылған деректер базасы (бұдан әрі - ҚАЖ ОАДБ) арқылы жеке, бақылау немесе жинақ істері түрінде келіп түскен күннен бастап есепке қоюды жүзеге асырады;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
Демо – версия документа