(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ КЕЙБІР НОРМА...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 205 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 31 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және ақша төлемі мен аударымы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 24 тамыздағы № 331 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1260 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Ережеде «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Төлемдер туралы заң) 3-бабында көзделген негізгі ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар қолданылады:
1) авторизация - эмитенттің төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасауға рұқсат беруі. Авторизацияны алу рәсімі төлем карточкалары жүйесіне қатысушылар арасында жасалған шарттарға сәйкес белгіленеді;
2) алдын ала төленген төлем карточкасы - ұстаушысына бастапқы ұстаушы алдын ала салған және эмитенттің шоғырландырылған есебінде есептелген ақша сомасы шегінде төлемдерді жүзеге асыру және/немесе қолма-қол ақша алу мүмкіндігін беретін төлем карточкасы. Алдын ала төленген төлем карточкасында оның ұстаушысын бірегейлендіруге мүмкіндік беретін деректемелер болмайды;
Редакция документа
Демо – версия документа