«Денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды бюджет қаражатының есебінен өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 627 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 61 бұйрығы (күші жойылды)
«Денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды бюджет қаражатының есебінен өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 627 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 61 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-190/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 81) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.«Денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды бюджет қаражатының есебінен өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 627 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11976 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды бюджет қаражатының есебінен өтеу қағидаларына:
бүкіл мәтін бойынша «МФҚБК» деген аббревиатура «ҚДСК» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі - әкімші) - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі немесе облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (бұдан әрі - ДСБ);»;
36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«36) Министрліктің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті (бұдан әрі - ҚДСК) - Министрліктің медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - ҚДСК АД);»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа