«Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 307 бұйрығы
«Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 307 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12463 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тауар-көлік жүкқұжатын және жолдама парағын қолдану тәртібін;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) автопоезд - жүк автомобилі мен тіркемеден (тіркемелі автопоезд), ершікті тартқыш пен жартылай тіркемеден (ершікті автопоезд) тұратын құрамалы автокөлік құралы;
2) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрі - тасымалдаушы) - жеңіл автокөлік құралдарын қоспағанда, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарын иеленетін, жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
3) ершікті тартқыш - жеке қозғалтқышпен жабдықталған және тек қана немесе көбіне тіркеме мен жартылай тіркемені тіркеп сүйреуге арналған автокөлік құралы;
4) жүк жөнелтуші - оның атынан жүк жөнелту ресімделетін жеке немесе заңды тұлға;
5) жүк автокөлік құралы (бұдан әрі - автокөлік құралы) - жүк автомобильдерін, автомобиль тіркемелерін, ершікті тартқыштарға жартылай тіркемелерді, сондай-ақ мамандандырылған автомобильдерді (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) қамтитын жүк автомобиль көлігінің жылжымалы құрамының бірлігі;
6) жүк автомобилі - автомобиль жолдарымен жүктерді тасымалдауға арналған механикалық жетекті автокөлік құралы;
Демо – версия документа