«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 1062 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 1062 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің атауы «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) арыз иелері көтеретін жүйелі проблемаларды талдау мен анықтауды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 51-1) тармақшамен толықтырылсын:
«51-1) биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесін әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 315-1) және 315-2) тармақшалармен толықтырылсын:
Демо – версия документа