(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕНШІКТЕН КОММУНА...
Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 497 Қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 19 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мүліктік кешен ретінде республикалық меншіктен белгіленген тәртіппен Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
Редакция документа
Демо – версия документа