Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына өзгерістер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 211 Жарлығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

«Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына өзгерістер енгiзу туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінде:

10-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«3) операциялық бағалауға уәкілетті органдардың шағымдану рәсімінен кейін операциялық бағалаудың нәтижелері туралы қорытындыларды Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне;

4) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) жұмыс органына операциялық бағалаудың барлық блоктары бойынша қорытындыларды;»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Операциялық бағалау жүргізу кестесін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті әзірлейді және операциялық бағалау жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірілмей Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының бұйрығымен бекітіледі.»;

13-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті;»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку