«Көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 341 бұйрығына 3-қосымша) (2019.13.02. берілген толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Ішкі істер министрінің 2019.13.02. № 924 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 14 сәуірдегі
№ 341 бұйрығына
3-қосымша
ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 280 бұйрығымен күші жойылды
«Көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.13.02. берілген толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі ‒ Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап Астана, Алматы қалалары үшін 5 жұмыс күні және Шымкент қаласы мен облыстар үшін 15 жұмыс күні;
қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут;
бір көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаудың рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етеді.
Документ утратил силу
Демо – версия документа