(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА КІРУГЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСП...
Осы редакция 2018 жылғы 2 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер Министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 8 мамырдағы
№ 11-1-2/177 бұйрығына
5-қосымша
«Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының
аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2016.09.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. «Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі әзірледі (бұдан әрі - Министрлік).
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік және Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2016.09.12. № 11-1-2/584 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - 5 (бес) жұмыс күні, ал қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда мерзім күнтізбелік 30 (отыз) күнге ұзартылуы мүмкін;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 60 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 10 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - ресімделген шақыру.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
Редакция документа
Демо – версия документа